Қарағандыда ҰБТ-дан босатылған түлек жұмбақ жағдайда қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда ҰБТ-дан босатылған түлек жұмбақ жағдайда қайтыс болды 31 арна кадры

Қарағандыда ҰБТ-дан босатылған 17 жастағы түлек жұмбақ жағдайда қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда ҰБТ-дан босатылған 17 жастағы түлек жұмбақ жағдайда қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров бұл дерек бойынша қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады. "Бұл дерек бойынша сараптамалар тағайындалды. Тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді облыстық ІІД өкілдері.

Ал Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса оқиғаның 31 мамырда болғанын хабарлады. "Құрылысшылар даңғылы бойынша жедел жәрдем қызметі қоңырау келіп түсті бізге. Аталған мекен-жай бойынша жедел-жәрдем бригадасы оқиға орнына барды. Өкінішке қарай, дәрігерлер келгенде зардап шегуші өмірден өтіп кеткен. Бірақ осыған қарамастан дәрігерлер оған жүрек, өкпе реанимациясын, дефибриляция, электримпульстық терапия жасады. Бірақ өкінішке қарай, бұл нәтиже берген жоқ", - деп түсінік берді Айжан Иса. 

31 арна тілшілерінің мәліметінше, оқиға осыдан екі күн бұрын Руслан Аймұхамбетовтың сыныптасының үйінде болыпты. Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылған үш жеткіншектің біреуі емтиханға дайындалып, түскі асты да бірге іштік дейді. Қасында болғандардың сөзінше, 17 жастағы Руслан ауқаттанғаннан кейін өзін жаман сезіне бастаған. Кенеттен жерге құлап түскен түлектің ауызынан көбік ағып, қол-аяқтары дірілдей бастады", - дейді сол кезде қасында болған сыныптасы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети