Қарағандыда заңгер жәбірленуші тарапты сатып алмақ болған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда заңгер жәбірленуші тарапты сатып алмақ болған Фото:polisia.kz

Қарағандыда жәбірленуші тарапты сот процесі алдында сатып алмақ болған қорғаушы ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда жәбірленуші тарапты сот процесі алдында сатып алмақ болған қорғаушы ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына белгісіз бір қорғаушының заңсыз әрекеті туралы ақпарат түсті. Заңгер аса ауыр қылмыс бойынша жәбірленуші тараптың қорғаушысы болған. Ал қылмыс жасаған айыпталушы тарап қорғаушыға қомақты қаражатқа жәбірленушінің жауабын өзгертіп, сотта жалған жауап беруін өтінген. Сондықтан да қорғаушы айыпталушы тараптың бұл ұсынысына көніп, арада делдалдық қызмет атқарған.

"22 қазанда Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел іс-шаралар барысында 6,5 миллион теңге және 2900 АҚШ доллары ақшаларын алғаннан кейін 36 жастағы қорғаушы ұсталды. Полиция қызметкерлерімен оның көлігіне жүргізілген тінту жұмыстары барысында тағы да 3100 АҚШ доллары тәркіленіп алынды", – деді Қарағанды облыстық ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 422-бабы 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети