Қарағандыдағы жемқорлық дауы: аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыдағы жемқорлық дауы: аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы ұсталды

Қарағандыда Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды. Ол ТКШ мәселелері бойынша жетекшілік еткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды. Ол ТКШ мәселелері бойынша жетекшілік еткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аудан әкімі орынбасарының ұсталғаны туралы ақпаратты Қарағанды ​​облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы Мұрат Түлеубаев растады. Ол әкім орынбасарымен қатар әкімдіктегі басқармалардың бірінің басшысы да ұсталғанын атап өтті. Мемлекеттік қызметшілер кәсіпкерден 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

"Факт болды. Мен бұл деректі растаймын. Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы ұсталды. Соңғысы делдал болған. Олар тікелей өз міндеттеріне кіретін функцияларды орындағаны үшін кәсіпкерден 500 мың теңге алған. Қазір осыған қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ол әлі аяқталған жоқ. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексеру мәліметін таратуға құқығымыз жоқ", - деді Мұрат Түлеубаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети