Қарағандылық блогер ​​кәсіпорыннан құрал-жабдық ұрлады деген күдікке ілінді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандылық блогер ​​кәсіпорыннан құрал-жабдық ұрлады деген күдікке ілінді

Полицейлер Қарағандының 33 жастағы тұрғынын жергілікті кәсіпорынның төрт электр қозғалтқышын ұрлады деп күдіктеніп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Қарағандының 33 жастағы тұрғынын жергілікті кәсіпорынның төрт электр қозғалтқышын ұрлады деп күдіктеніп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 12 наурызда Қарағандыда қаладағы өнеркәсіп орындарының бірінде құрал-жабдық ұрланған. Қарақшылар кәсіпорынның қоймасынан құлыпты бұзып, төрт электр қозғалтқышы мен клапанның беріліс қорабын ұрлап кеткен. Одан кейін олар "ГАЗель" көлігімен қылмыс орнынан кетіп қалған.

""Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Қарағандыдағы жеке үйдің ауласында тұрған "ГАЗель" көлігін көріп тінту жүргізбек болған. 33 жастағы үй иесі өзін блогер ретінде таныстырып, ішкі істер органдары өкілдерінің іс-әрекетіне кедергі келтірді. Полицейлер "ГАЗель" автокөлігін алып, оны полицияға заттай дәлел ретінде жеткізу үшін эвакуаторды шақырды", - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.

Тасымалдау кезінде белгісіз біреулер дәлелдемелерді алып тастауға кедергі келтірмек болып, эвакуатордың дөңгелектерін тесіп кеткен. Полиция қылмыскерлерді анықтауға тырысып жатқанын айтты. Сонымен қатар, қалған заттай айғақтар тәркіленді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети