Қарағандыда полицейлер осыдан 33 жыл бұрын болған қылмысты - екі адамды өлтіру дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағандыда полицейлер осыдан 33 жыл бұрын болған қылмысты - екі адамды өлтіру дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, полиция қызметкерлері осыған дейін болған қылмстарды ашу мақсатында ескі әрі сол күйі ашылмай қалған қылмыстық істердегі саусақ іздерін алып, "Папилон" криминалистік базасына енгізген. Облыстық ІІД Жедел-криминалдық басқармасының қызметкерлері 1984 жылы қозғалған қылмыстық істердің біріндегі саусақ ізінің Қарағандының 56 жастағы тұрғының саусақ ізімінен сәйкестігін анықтаған. Осылайша, облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, кейіннен ұстады.
"1984 жылдың 5 шілдесінде 23 жастағы күдікті 26 жастағы әйелдің үйіне қонаққа келіп, сонда екеуі бірге ішімдік ішкен. Нәтижесінде олардың арасында жанжал шығып, күдікті 26 жастағы әйел мен оның 23 жастағы құрбысын өлтіріп кеткен. Кейіннен оқиға орнынан жасырынып, пышақты рұқсат етілмеген жерге лақтырып кеткен. ІІМ полиция қызметкерлері сол кезде 11 саусақ ізін алып қалған. Бірақ олар оның кімге тиесілі екенін сол күйі анықтай алмаған", - деді облыстық ІІД өкілдері.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.