22 қараша 2016 | 13:34

Қарақшылар Helios жанармай бекетін ойыншық тапаншалармен тонамақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Helios жанармай бекетіне шабуылдағандар ойыншық тапаншамен қаруланған болып шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек мәлімдеді.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Helios жанармай бекетіне шабуылдағандар ойыншық тапаншамен қаруланған болып шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір қылмыскерлерді ұстау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр. "Қарақшылық шабуыл жасау әрекеті болды. Олар ойыншық тапаншамен қорқытпақ болған. Күзетші ойыншық екенін танып қойып, сол себепті қарсылық танытқан. Қазіргі кезде күдіктілер анықталды. Әуезов аудандық ІІБ-де жедел тергеу тобы құрылды", - дейді ол. Салтанат Әзірбектің сөзінше, қылмыстық іс ҚР ҚК-нің "Қарақшылық" бабы бойынша тергеліп жатыр. 

Еске салайық, Алматыда жанармай құю бекетіне жасалған шабуылдың видеосы Желіде тараған болатын. "Нұрбанк" АҚ баспасөз хатшысы Айгүл Қасенова оқиғаның 12 қараша күні, сағат таңғы 04:08-де Сайын көшесінің бойындағы Helios жанармай бекетінде болғанын мәлімдееген еді. 48 жастағы күзетші шабуылдаушыларға қарсылық танытып, оларды ұстамақ та болған.  

"Сайын көшесіндегі Helios ЖҚБ-не қарулы шабуыл жасалды. Бетперде киген және тапаншамен қаруланған екі адам, жанармай бекетіне басып кіріп, кассадағы ақшаны беруді талап еткен. Айта кетейік, кассада ақша болмаған. Дегенмен ЖҚБ-ның 1968 жылы туған штаттағы күзетшісі қарақшыларға қарсылық көрсетті. Оларға орындық лақтырып, қаруын тартып алмақ болған. Оқ атылды, ешкім зардап шекпеді. Күзетші аман-сау. Қылмыскерлер далаға қашып шықты, күзетші оларды ұстамақ болды. Дегенмен олар қашып үлгерді", - деген болатын Айгүл Қасенова Tengrinews.kz тілшісіне.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети