28 сәуір 2020 10:51

"Карантин кезінде VIP қонақтарды қабылдаған": Алматыда монша кешені тексеріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: видеодан скрин Фото: видеодан скрин

Желіде карантин кезінде жұмыс істеген моншаның видеосы тарады. Қазір полиция бұл жағдайды тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде карантин кезінде жұмыс істеген моншаның видеосы тарады. Қазір полиция бұл жағдайды тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram желісендегі megapolis.kz парақшасында жарияланған кадрдан көліктердің монша аумағына кіріп жатқанын көруге болады. Видео компьютердің экранынан түсірілген болу керек. Себебі кадрда монша кешенін бақылау камераларының жазбалары шығып тұрды.

"Алматыда орналасқан монша кешені төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген және VIP қонақтарды қабылдаған. Құзырлы органдардан осы тұлғаға қатысты тиісті шаралар қабылдауын сұраймыз", - деп жазды пост авторы.

Полиция департаментінің қызметкерлері видеоға қатысты пікір білдірді.

"Қазір Әуезов ауданының полиция басқармасы кінәлі адамдарды анықтауға және оларды жауапкершілікке тартуға қатысты қажет шараларды атқарып жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, онда  476-бапқа сәйкес "Төтенше жағдай режимін бұзғаны" үшін жауапқа тартылады", - деп хабарлады ведомство қызметкерлері.

Еске салайық, мұның алдында төтенше жағдай режимін бұзған тараздық шаштараз жазаланған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети