Жамбыл облысының полицейлері талаптарды орындамай, қашып кетпек болған жүргізушінің көлігінің дөңгелегіне оқ атуға мәжбүр болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Жамбыл облысының полицейлері талаптарды орындамай, қашып кетпек болған жүргізушінің көлігінің дөңгелегіне оқ атуға мәжбүр болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Жамбыл облысы Қаратау қаласында полицейлер BMW көлігін жарық шамдарының дұрыс болмауына байланысты тоқтатқан. Тексеру кезінде жүргізушінің құжаттары жоғы анықталған. Полицейлер жүргізушіден көліктен түсуін талап еткен, осы кезде ер адам оқиға орнынан сытылмақ болған.
Бұзақының артынан қуу басталған. Ол қатты жылдамдықпен апатты жағдайлар жасаған. Полицейлер ескерту ретінде табельдік қарудан ауаға оқ атқан, алайда жүргізуші тоқтай қоймаған. Құқық қорғау органдарының мамандары оның көлігінің дөңгелегіне оқ атып, тоқтатып алған. Көлікте тағы екі жолаушы болған. Медициналық куәләндыруға жеткізілген жүргізушінің мас екені анықталған.
"Құқықбұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 7-бөлігі ("тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару") бойынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595-бабы 1-бөлігі ("жол қозғалысы ережелерінің қозғалыс басталар алдында сигнал беру талаптарын орындамау") бойынша, ҚР ӘҚБтК 601-бабы 1-бөлігі ("жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігінің таңбаларымен ұйғарылған талаптарды сақтамау") бойынша, ҚР ӘҚБтК 606-бабы 1-бөлігі ("жол қозғалысына қатысушының жол қозғалысы ережелерін, авариялық жағдай туғызған, яғни басқа да қозғалысқа қатысушыларды қозғалыс жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр еткен") ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша "алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы" ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігі бойынша ("жүргізуші куәлігі немесе жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігі жоқ жүргізушінің көлік құралын басқаруы") ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 1-бөлігі бойынша, ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 1-бөлігі бойынша ("Қазақстан Республикасының аумағында ішкі істер органдары қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау") әкімшілік хаттама толтырылған, - делінген полиция хабарламасында.
Сот қаулысымена 31 жастағы ер адам көлік құралын жүргізу құқығынан жеті жылға айырылды және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.