30 шілде 2018 16:05

"Каратемен және самбомен айналысатын" - БҚО-да өлтірілген 17 жастағы қыздың туыстары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дана Ғабдығалиева. Дана Ғабдығалиева.

БҚО-да Зеленов ауданындағы Дарьинское ауылында 17 жастағы Дана Ғабдығалиева өлі табылған болатын. Қайтыс болған қыздың туыстары қазір жерлеу рәсіміне дайындалып жатыр. Дана Ғабдығалиеваны жерлеу рәсімі, ертең, 31 шілдеде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


БҚО-да Зеленов ауданындағы Дарьинское ауылында 17 жастағы Дана Ғабдығалиева өлі табылған болатын. Қайтыс болған қыздың туыстары қазір жерлеу рәсіміне дайындалып жатыр. Дана Ғабдығалиеваны жерлеу рәсімі, ертең, 31 шілдеде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 28 шілдеге қараған түні болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қыздың денесі дәмханаға жақын маңнан табылған. 

"Сол түні бір дыбыстарды естідім. Қыздың айғайлаған даусы шыққандай болды. Қорқынышты болды. Кейін тынышталды", - дейді тұрғындардың бірі.

"Әкесі мен анасы қайғыдан сөйлей алмай отыр. Дана өте пысық және белсенді қыз болатын. Оны бір адам өлтірген жоқ. Дана каратемен және самбомен айналысатын. Жарыстарда жүлделі орындарды иеленетін", - дейді қыздың тәтесі.

Полиция өкілдері осы жағдай бойынша кейінірек пікір білдіруге уәде берді. Жергілікті ІІБ қызметкерлері күдіктінің ұсталғанын және оның Оралға жеткізілгенін айтып өтті.

"Қызды ұрып-соғып, зорлап, артынша өлтіргендерін естідім. Ол біздің мектепте оқитын, бірақ кейін орыс тілді мектепке ауысып кетті. Бұл сұмдық жағдай болды", - дейді жергілікті тұрғын Мөлдір.

Мектептегілердің айтуынша, Дана Ғабдығалиева оқуды биыл бітірді.

"Элистаға грантқа түсті. Сонда оқуға бармақшы болды. Көңілді қыз болатын", - деп еске алды мектеп директоры Оксана Шохина.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети