Қаржы мониторингі агенттігі Біртановтың ісі "кешіктірілгені" туралы қауесетке пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы мониторингі агенттігі Біртановтың ісі "кешіктірілгені" туралы қауесетке пікір білдірді

Қаржы мониторингі агенттігі экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық істі тергеу "кешіктірілгені" туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы мониторингі агенттігі экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық істі тергеу "кешіктірілгені" туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Біртановқа қатысты қылмыстық істі тергеу кінәсін дәлелдейтін айғақтар жоқтығына байланысты кейінге қалдырылғаны туралы ақпарат таралып жатыр.

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін және қоғам арасында қате түсінік қалыптастыруға бағытталғанын хабарлаймыз", - деді Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Гаухар Сапарбаева. Ведомство мәлімдемесі Telegram-да жарияланған.

Оның айтуынша, агенттік қылмыстық істі тергеуді 2021 жылдың 7 маусымында аяқтаған.

"Осы кезден бастап қорғаушы тарап қылмыстық іс материалдарымен танысады. Осыдан кейін ғана істі қарау үшін сотқа жіберуге болады. Күдіктінің кінәсі немесе кінәсіздігі туралы мәселе тек сот арқылы шешілуі тиіс, - деп қосты ол.

Қыркүйекте Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімі 14 қарашаға дейін ұзартылды. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов 2020 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр.

Бұрынғы министр Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Адвокат түсіндіргендей, құқық қорғау органдары іс бойынша бапты қайта саралаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети