Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Қаржы полициясының майоры жеті жылға сотталды

19 Тамыз 2014, 20:13
0
Сотталушы. ©uralskweek.kz/Алексей Беляев
Сотталушы. ©uralskweek.kz/Алексей Беляев

Батыс Қазақстан облыстық қаржы полициясының майоры алаяқтығы үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына қарағанда, қаржы полициясының майоры Қуаныш Исмурзин банктен қылмыстық іс бойынша айғақ зат - 955 мың теңгені алуы тиіс болған. Оған бұл соманы мемлекет пайдасына аудару жүктелген. "БҚО қаржы полициясы қызметкері банкке келіп, қаржыны беруді талап еткен. Ол өзіне берілген екі пакеттің біреуін алып, онымен бірге берілетін хаттың сырт жағына қол қояды да, банктен шығып кетеді. Исмурзин таңдап алған пакетте банкте қылмыстық істің айғақ заты ретінде сақталған 10 млн 790 мың теңге болғаны анықталды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қаржы полицейі банк қызметкерлерінің конверттерді шатастырып алғанын және ол өзіне қажеттіден көп соманы алғанын түсініп, артық қаржыны қалтасына басуды ұйғарады. Талап етілетін соманы тәркіленген мүлікті сатудан түсетін қаржының есепшотына аударғаннан кейін 9 млн 835 мың теңгені өзі иемденеді. 

Орал қалалық сотының үкімімен Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бюджет саласындағы қылмыстар жөніндегі сотқа дейінгі өндіріс бөлімінің бұрынғы бастығы Қуаныш Исмурзин "Аса ірі көлемдегі өзгенің мүлкін алдау жолымен және сеніміне кіре отырып, әрі қызмет бабын пайдалана отырып жымқыру" бабы бойынша айыпты деп танылды. БҚО қаржы полициясының қызметкеріне "Алаяқтық" бабы бойынша мүлкін тәркілеумен және мемлекеттік қызметте лауазымды иелену құқығынан үш жылға айырумен бірге жеті жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды. Ол өз жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай