13 наурыз 2015 | 15:46

Қарқаралының бұрынғы әкімінің ұлы 10 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сотталушылар. ©Айсұлу Бұштаева Сотталушылар. ©Айсұлу Бұштаева

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қарқаралының бұрынғы әкімінің 23 жастағы ұлы Нариман Батырбековке және оның 33 жастағы досы Қайрат Ордашевке қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сот залынан. 


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қарқаралының бұрынғы әкімінің 23 жастағы ұлы Нариман Батырбековке және оның 33 жастағы досы Қайрат Ордашевке қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сот залынан. 

Судья Қайрат Қасымов екі сотталушыны да Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенті Санат Хасеновке қастандық жасауға айыпты деп танып, олардың әрқайсысын 10 жылға бас бостандығынан айыруға жаза кесті. "Сотталушылардың кісі өлтіруге әрекеттенудегі кінәсі толық көлемде дәлелденді. Сот оларды қоғамнан оқшаулау жағдайында ғана түзеуге болады деп есептейді. Белгіленген жазаны сотталушылар қатаң режимдегі колонияда өтеуі керек", - деді судья Қасымов. 

Бұған дейін прокурор сотталушылардың әрқайсысына 11 жыл жаза сұраған болатын. Еске салайық, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенті Санат Хасенов өткен жылдың 29 қазанында соққыға жығылған еді. Оны өзінің курстасы - қала әкімінің 23 жастағы ұлы мен оның 33 жастағы танысы ұрып-соққан. Басына домкрат тиген жігіт Қарқаралы сыртындағы орманда есін жиып, бірнеше метр жерде өзінің ВАЗ автокөлігінің өртеніп жатқанын көреді. 

Қалаға қарай жол табуы үшін студент сүрлеумен жүріп, үй-күйі жоқ адамның мәйітін көреді, аязда үсіп қалмауы үшін оның үстіндегі киімді алып киеді. Жолдан өтіп бара жатқан көлік иелері студентті ауруханаға жеткізеді. Қарқаралы аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері кісі өлтіруге әрекеттенгені және өзгенің мүлкін жойып жібергені үшін күдікті ретінде әкімнің ұлы мен оның танысын ұстады. Ұсталғандар жігітті өлтіріп, оны шешіндіргенін және жеке мүліктері мен құжаттарын өртеп жібергенін мойындады. Ол кезде сотталушылар құрбандарының тірі қалғанын білген жоқ. 

Қарқаралы әкімі Нұрлан Батырбеков ұлы тұтқындалғаннан кейін өз еркімен қызметтен кетті. Оның алдында шенеуніктің ұлы атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін жауапқа тартылған. Әкімнің ұлының танысы да бұрын адам денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікті өткерген. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети