"Алматыда көлікпен жолдың қарсы бағытына шыққан прокуратура қызметкері жазаланды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматыда көлікпен жолдың қарсы бағытына шыққан прокуратура қызметкері жазаланды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бейнежазбаға қатысты Алматы қалалық прокуратурасы қызметтік тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесі бойынша, жол ережесін бұзған Медеу аудандық прокурорының аға көмекшісінің әрекеті "қызметтік лауазымына сай емес" деп танылып, тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Айыптыны әкімшілік жауапкершілікке тартуды әкімшілік полициясы шешетін болады" - деп мәлімдеді Алматы прокуратурасынан.
Естеріңізге сала кетсек, оқиға 2014 жылдың 7 сәуір күні Жангелдин көшесінде орын алған. Мемлекеттік тіркеу нөмірі 797 RBA 02 қара түсті Mercedes-Benz автокөлігі қарсы бағытпен жүрген. Куәгердің айтуынша, ол қарсы бағытта келе жатқан көлікті өткізбеген. "Мен оны өткізбедім, бұл оның наразылығын тудырды. Жол ережесі бәріне бірдей емес пе?" деп жазады Алишер Гарретт.