05 тамыз 2014 15:09

Қаруды заңсыз жасаған Петропавл тұрғыны ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оптикалық нысанасы бар Калашников автоматы. ©СҚО ІІД Оптикалық нысанасы бар Калашников автоматы. ©СҚО ІІД

Петропавл тұрғыны қару-жарақ жасаумен заңсыз айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оған қатысты "Қару-жарақты заңсыз әзірлеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Петропавл тұрғыны қару-жарақ жасаумен заңсыз айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оған қатысты "Қару-жарақты заңсыз әзірлеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД экстремизмге қарсы күрес жөніндегі бөліміне Петропавлдың 32 жастағы тұрғынының атыс қаруын жасаумен және сатумен айналысатыны туралы хабар келіп түсті. Арнайы дайындалған операция барысында ақпарат расталды. Алғашында полицейлер қару сатып тұрған 30 жастағы тұрғынды ұстады, оның автокөлігінен қолдан жасалған атыс қаруы - ИЖ-27 газ тапаншасы табылып, тәркіленді. Бұдан кейінгі жедел шаралар қаруды дайындаған 32 жастағы тұрғынның ізіне түсуге мүмкіндік берді", - деп хабарлады департамент мамандары.

Мамандардың мәліметінше, тұрғынды ұстау барысында одан оптикалық нысанасы бар Калашников автоматы табылды. Пәтерін тінту барысында полицейлер 108 дана патрон (калибрі 5,45-5,6 мм), МР-654К, ИЖ-79 және "Вальтер" газ тапаншаларын тағы тапты.

"Бұған қоса, оның пәтерінен қару-жарақ дайындауға қолданылған құралдар, түрлі калибрлі гильзалар, атыс қаруын жасауға қажетті қосалқы бөлшектердің суреті салынған дәптер де табылды. СҚО ІІД сарапшыларының қорытындысы бойынша заңсыз дайындалған қару-жарақ ұрысқа жарамды деп танылды", - дейді департамент мамандары.

Ұсталған адам өзінің бұрын слесарь болып жұмыс істегенін, бірнеше ай бұрын қару жасап көруге бел буғанын айтты. Өзінің айтуынша, ол қосалқы бөлшектерді әріптесінен алған. Қазіргі уақытта қаруды заңсыз жасаған азамат тергеу изоляторына қамалды. "Тергеу жүріп жатыр, оның барысында істің детальдері анықталатын болады", - дейді полицейлер. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети