"Қарумен қорқытып, екі күн бойы ұстаған". ІІМ бопсалаумен айналысқан топтарды ұстады

viewings icon 620 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері бопсалаушыларға қатысты 130-дан аса деректі анықтап, жолын кесті. Оның ішінде қылмыстық топтармен жасалғандар да бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері бопсалаушыларға қатысты 130-дан аса деректі анықтап, жолын кесті. Оның ішінде қылмыстық топтармен жасалғандар да бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

8 ақпанда ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген Қызылорда облысының алты тұрғыны Астана – Павлодар автожолында ұсталды.

"Мысалы, олар екі танысын күштеп көлікке отырғызып, пәтерге алып келіп, ұрып-соғып, қару-жарақпен қорқытып, екі күн бойы ұстап, 300 мың теңге мен ұялы телефондарын тартып алған. Сонымен қатар, тағы бір миллион теңге талап еткен. Жәбірленушілердің бірі қашпақ болып, бесінші қабаттан секіріп кетіп, көптеген жарақат алды. Күдіктілер екінші жәбірленушіні көлікке отырғызып алып, ізін суытпақ болған кезде ұсталды", - делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Оралда полиция қызметкерлері колледж студенттерінен құралған қылмыстық топты ұстады.

"Олар бопсалау, тонау және алаяқтықпен айналысқан. Аталған факт бойынша сегіз қылмыстық іс тергеліп жатыр және күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау бойынша шаралар қабылданады", - делінген хабарламада.

Ақмола облысында екі жастар тобы арасындағы қақтығысқа тосқауыл қойылды. Оқиға орнында травматикалық және суық қару, дубинкалар, сондай-ақ соққы жасауға арналған басқа да металл және ағаш заттар табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта адамдар тобымен жасалған бұзақылық дерегі бойынша іс қозғалды.

"Барлық факт бойынша күдіктілер ұсталды. Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жарияланбайды. Құрметті азаматтар, егер сіздер қылмыстық топтар тарапынан қол сұғушылыққа тап болсаңыздар, дереу полицияға хабарласыңыздар. Біз сіздің ақпаратыңыздың құпиялылығына кепілдік береміз және сізді қорғап, қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге бар күш-жігерімізді саламыз", – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
10°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю