Қаскелеңде жолаушы жолдың ортасында оқ жаудырды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаскелеңде жолаушы жолдың ортасында оқ жаудырды

Алматы облысы Қаскелең қаласында ер адам көліктен оқ атты. Полицейлер видео кейіпкерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Қаскелең қаласында ер адам көліктен оқ атты. Полицейлер видео кейіпкерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, оқиға 23 қазан күні сағат 17.30 шамасында Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы Абылай хан көшесінде үйлену тойы кезінде болған.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер аспанға оқ атқан ер адамды анықтады, ол Қарасай ауданының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Көлік айыппұл тұрағына қойылып, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Кейіннен, заң бұзушылардың қалғандары - ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы, 2-бөлігі, 590-бабы, 2-бөлігіне сәйкес материал толтырылған Hundai және Mercedes автокөліктерінің жүргізушілері (мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ автокөліктер). Бұл жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көліктері автотұраққа қойылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети