Қаскелеңде 17 жастағы мектеп оқушысының өлімі дерегі бойынша 1998 және 1999 жылғы екі күдікті ұсталды. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД-нің Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында айтылады.

Осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
"Қарасай аудандық соты ұсталғандардың біріне "қамауға алу" бұлтартпау шарасын таңдады. Қазіргі уақытта тергеу аясында белгіленген қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ІІД өкілдері.