Kaspi Bank баспасөз қызметінің өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне терминалды 10 секундта тонау оқиғасы бейнеленген видеоға қатысты түсінік берді. Бейнежазба таяуда БАҚ пен әлеуметтік желілерде жария болған еді. Баспасөз өкілдері оқиға осы терминалдар арқылы жасалған төлемдерге әсер етпейтінін айтты.

"Өткен аптаның соңында әлеуметтік желілерде Kaspi Bank терминалдарынан ақша ұрлау жайлы екі видео жария болды. Екі жағдайда да жалпы алғанда 750 мың теңгеге жуық қаражат ұрланды. Терминал қолданушыларына бұл оқиғалар еш әсер етпейді. Клиенттің тарапынан төлем терминалға ақша түскен сәттен бастап жасалған болып саналады. Банктің мүлкі бүлінді және банктің қаражаты тоналды және банк өз шығынын өндіру және тонаушыларды заңмен жазалау бойынша Қазақстанның заңнамасының аясында барлық мүмкіндікті қолданады.
Сонымен қатар, банк өкілдерінің айтуынша, мұндай заңбұзушылыққа "Тонау", "Ұрлық", "Бөтеннің мүлкін көрінеу бүлдіру немесе жою" баптары бойынша айыптар тағу қарастырылған. Осы баптар бойынша 1,5-5 жыл аралығында бостандықтан шектеу немесе айыру жазасы бар. Бір оқиғадағы ұры ұсталды дәне құқық қорғау органдарына берілді, - делінген хабарламада.
Видеожазбалардың бірінде тонаушының 10 секундтың ішінде терминалды ашып, қаражат салынған сөмкені алып кеткені көрінеді.