Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті. ©Аktau.gov.kz
Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы Каспий университетінің 300 млн теңгесі қолды болған, бұл туралы жергілікті "Лада.kz" порталы жазады деп хабарлайды Tengrinews.kz. Маңғыстау облысы бойынша қаржы полициясы департаменті "Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жұмсау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл іс бойынша университеттің бас есепшісі мен бухгалтерияның басқа да қызметкерлері айыпталып отыр. Қаржы полициясының мәліметінше, есепшілер 2012 жылдың 2 шілдесінен 2014 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта банк құжаты көшірмелері мен чек кітапшасын қолдан жасап отырған. Осы әдіс бойынша университет бюджетінің қаржысын жымқырған. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Tengrinews.kz былтыр Ақтаудағы Каспий университеті басшылығының 81 оқытушыны қызметтен кетірмек болғанын еске салады. Университет жетекшілігінің пікірінше, бұл оқытушылар құрамы біліктілік талаптарына сай келмеген. Кейін бұл оқиғаға Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев араласып, университет ректорының ісі мен конкурстық комиссия жұмысын прокуратура тексеретінін, оған дейін ешбір қызметкердің жұмыстан шығарылмайтынын мәлімдеді.
Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы Каспий университетінің 300 млн теңгесі қолды болған, бұл туралы жергілікті "Лада.kz" порталы жазады деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Маңғыстау облысы бойынша қаржы полициясы департаменті "Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жұмсау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл іс бойынша университеттің бас есепшісі мен бухгалтерияның басқа да қызметкерлері айыпталып отыр.
Қаржы полициясының мәліметінше, есепшілер 2012 жылдың 2 шілдесінен 2014 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта банк құжаты көшірмелері мен чек кітапшасын қолдан жасап отырған. Осы әдіс бойынша университет бюджетінің қаржысын жымқырған. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.
Tengrinews.kz былтыр Ақтаудағы Каспий университеті басшылығының 81 оқытушыны қызметтен кетірмек болғанын еске салады. Университет жетекшілігінің пікірінше, бұл оқытушылар құрамы біліктілік талаптарына сай келмеген. Кейін бұл оқиғаға Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев араласып, университет ректорының ісі мен конкурстық комиссия жұмысын прокуратура тексеретінін, оған дейін ешбір қызметкердің жұмыстан шығарылмайтынын мәлімдеді.