Каспий университетінен 300 миллион теңге ұрланған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті. ©Аktau.gov.kz Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті. ©Аktau.gov.kz

Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы Каспий университетінің 300 млн теңгесі қолды болған, бұл туралы жергілікті "Лада.kz" порталы жазады деп хабарлайды Tengrinews.kz. Маңғыстау облысы бойынша қаржы полициясы департаменті "Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жұмсау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл іс бойынша университеттің бас есепшісі мен бухгалтерияның басқа да қызметкерлері айыпталып отыр. Қаржы полициясының мәліметінше, есепшілер 2012 жылдың 2 шілдесінен 2014 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта банк құжаты көшірмелері мен чек кітапшасын қолдан жасап отырған. Осы әдіс бойынша университет бюджетінің қаржысын жымқырған. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Tengrinews.kz былтыр Ақтаудағы Каспий университеті басшылығының 81 оқытушыны қызметтен кетірмек болғанын еске салады. Университет жетекшілігінің пікірінше, бұл оқытушылар құрамы біліктілік талаптарына сай келмеген. Кейін бұл оқиғаға Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев араласып, университет ректорының ісі мен конкурстық комиссия жұмысын прокуратура тексеретінін, оған дейін ешбір қызметкердің жұмыстан шығарылмайтынын мәлімдеді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer