02 қазан 2024 | 09:42

Қастандық және рэкет: Қазақстанда қылмыстық топтар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Ұлытау облысында бірнеше топтарды ұстау жүзеге асырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Ұлытау облысында бірнеше топтарды ұстау жүзеге асырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, қымбат металл қорытпаларын ұрлауды жолға қойған қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті. Топқа аталған кәсіпорынның қызметкерлері де кірген. Күдіктілер кәсіпорыннан 6,5 милион теңге өнімін ұрлау кезінде ұсталды. Қазіргі уақытта олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Сондай-ақ, полиция 2022 жылғы наурызда жергілікті кәсіпкерден 20 миллион теңге бопсалаған тағы бір топ мүшелерін құырқтаған. Жәбірленушіні жалдамалы пәтерге алдап алып келіп, физикалық күш қолданып, қару-жарақпен қорқыту арқылы ақша талап еткен.

"Сонымен қатар, 2018 жылы болған жергілікті тұрғынды өлтіруге оқталу әрекеті әшкереленді. Жергілікті криминалитеттен құралған қылмыстық топ анықталды. Оған қатысушылар қазіргі уақытта басқа қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Кісі өлтіруге оқталу әрекеті жасалған тапанша тәркіленді.

Көрсетілген деректер бойынша барлығы 17 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. 20-дан астам тінту шаралары өткізілді, нәтижесінде 5 атыс қаруы, оқ-дәрілер, пышақтар және экстремистік сипаттағы діни әдебиеттер тәркіленді", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Барлық факт бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Өңірлерде қылмыстық топтардың қызметіне жол бермеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 480.35   534.42   5.15 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети