Қасымов Денис Теннің ісі бойынша ұсталған үшінші адам туралы айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша ұсталған үшінші күдікті Жанар Толыбаева Алматыға Жамбыл облысынан келіп, даяшы болып қызмет атқарған. Бұл туралы ІІМ басшысы Қалмұхамбет Қасымов Алматыда өткен жиналыс барысында айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша ұсталған үшінші күдікті Жанар Толыбаева Алматыға Жамбыл облысынан келіп, даяшы болып қызмет атқарған. Бұл туралы ІІМ басшысы Қалмұхамбет Қасымов Алматыда өткен жиналыс барысында айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның мәліметінше, қылмыс 2018 жылы 19 шілдеде 14:56-да болған.

"22:30-да біз бірінші қылмыскерді ұстадық. Сол арқылы біз осы іске қатысы бар бір адамды анықтадық. Бірінші жауап алу кезінде ол бізге барлығын айта қойған жоқ. Үшінші қылмыскермен жағдай қиындау болды. Бірінші түнін ол сайда өткізген. Кейін мекенжайын ауыстырып отырған - бірінші ықшамаудан, екінші ықшамаудан. Оны ұстау қиын болды. Сол себепті "Ақсай" ықшамауданында армиялық операция жүргізуге тура келді. Ұлттық гвардия қосылды. 18:40-та басқа мекен-жайға ауысқалы жатқанда ол ұсталды. 

Бұл істегі үшінші адам - әйел, ол Жамбыл облысынан. Жазда осында келіп, даяшы болып жұмыс істеген. Олар барлығы кездескен. Мына екеуі көлік айнасын ұрлаумен айналысқан", - деді ІІМ басшысы. 

2018 жылы 25 шілдеде Жанар Толыбаева екі айға қамауға алынды. 

"Алмалы аудандық соты Толыбаеваға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы ("Қылмыс туралы хабарламау") және ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі 1-тармағы ("Ұрлық") бойынша күдікті санап, екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын мақұлдады", - делінген сот хабарламасында. 

Бас прокурордыңорынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, қыз бала қылмыс туралы хабарламағаны үшін күдікті қатарына енген. 

"Қажетті деректердің барлығы жиналды, қазіргі уақытта прокурор олардың заңдылығын тексеріп жатыр. Сол қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын бұйырды", - деді Марат Ахметжанов. 

Осыған дейін Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергеновтардың осы іске қатысты күдікті ретінде ұсталғаны хабарланды. Екеуі де өмір бойына сотталуы мүмкін. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro