09 наурыз 2018 | 15:42

"Қателік болды" - Тоқмәди қашып кеткені жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ҰҚК сайтында қазақстандық бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің ұсталғаннан кейінгі видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР ҰҚК сайтында қазақстандық бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің ұсталғаннан кейінгі видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Мен, Мұратхан Тоқмәди, жағдайым жақсы, денсаулығым да жақсы. 2004 жылы Әблязовтің тапсырмасымен Ержан Тәтішевті өлтіргенім үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылдым. Кінәмді мойындаймын, мұны сотта да растадым. 8 наурызда қашып кетпекші болдым. Алайда мені құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстады. Уақытша ұстау изоляторына жеткізілдім. Кінәмді мойындаймын және қателік болды деп санаймын", - деді Тоқмәди.

Осыған дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері қазақстандық бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің ұсталуы жайлы пікір білдірген еді.

"Мұратхан Тоқмәди жүргізілген шаралар барысында жедел түрде ұсталып, Жамбыл облысындағы 158/1 мекемесіне уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақыттаТоқмәдидің қалай және не себепті қашып кеткені анықталып жатыр", - делінген едіҰҚК хабарламасында. 

Ал бүгін бизнесменнің ұсталғаны жайлы мәлімет таралған еді. Бұл мәліметті ҚР Ішкі істер министрлігі Жедел басқарма орталығының өкілдері растаған болатын. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Тоқмәди Тараздағы №1 ықшамауданда ұсталды.

Ал кеше, 8 наурызда әлеуметтік желілерде Мұратхан Тоқмәдидің қашып кеткені жайлы мәлімет таралған еді. "08.03.2018 жылы кешкі 19.30 бен 20.00 арасында Тараздағы облыстық ауруханадан Мұратхан Тоқмәди белгісіз бағытта қашып кеткен, ол адам өлтірді деген айыппен қамауда болған. Ол тізеге дейін түсетін қара күрте мен джинс киген, аяғында не туфли, не кроссовка болған", - делінген еді хабарламада. 

Сондай-ақ, осыған дейінгі сот отырысында бизнесмен өз кінәсін мойындаған еді.

Еске сала кетейік, Мұратхан Тоқмәди былтыр 12 маусымда ұсталған болатын. Алматыда арнайы қызмет "Депутаттық корпус" атты қылмыстық топты ұстау бойынша операция өткізген еді. БАҚ-та шыққан ақпарат бойынша, бұл қылмыстық топты "ҚазШыныҚұрылыс" зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған. Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, оның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі табылған. Ал таяуда бизнесменге қатысты үкім шыққан. Мұратхан Тоқмәди 3 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети