01 маусым 2015 17:31

Қайрат Жамалиевтің ісі прокуратураға жіберілді

© Tengrinews.kz

Резонанс тудырған "Әліби ісі" бойынша күдікті, кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің ісі Астана прокуратурасына жолданды, кейін сотқа жіберіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сітеме жасап. Еске сала кетейік, оқиға 21 мамырда елордада болды. Жәбірленуші тараптың нұсқасы бойынша, Астана тұрғыны Әліби Жұмағұлов кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің пәтерінде соққыға жығылған. Кәсіпкер ірі көлемде ақша бопсалады және жыныстық сипаттағы зорлық жасады деген күдікпен айыпталып отыр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram