01 маусым 2015 17:31

Қайрат Жамалиевтің ісі прокуратураға жіберілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Резонанс тудырған "Әліби ісі" бойынша күдікті, кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің ісі Астана прокуратурасына жолданды, кейін сотқа жіберіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сітеме жасап. Еске сала кетейік, оқиға 21 мамырда елордада болды. Жәбірленуші тараптың нұсқасы бойынша, Астана тұрғыны Әліби Жұмағұлов кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің пәтерінде соққыға жығылған. Кәсіпкер ірі көлемде ақша бопсалады және жыныстық сипаттағы зорлық жасады деген күдікпен айыпталып отыр.

Жамалиевпен бірге оның жүргізушісі Анатолий Прибытков та ұсталды. Үшінші күдікті Арман Әбілтаев іздеуде жүр. "Күдікті Жамалиев пен Прибытковтың және олардың қорғаушыларының материалдарымен танысу жұмыстары аяқталды. Қылмыстық істің айыптау актісі Астана қаласы прокуратурасына жолданды, кейін сотқа жіберіледі", - деді Ішкі істер департаментіндегілер. Қайрат Жамалиевтің адвокаты Мұхамбетқали Шайхин сараптама қорытындысы сексуалдық мәндегі зорлық әрекеті дерегін растамағанын айтқан болатын. Оның айтуынша, Жұмағұловтан азаматтық шағым түсті. "Жұмағұловтарға материалдық шығын үшін 640 мың теңге көлемінде, моральдық өтемақы ретінде 200 миллион теңге көлемінде шағым келтірілді", - деді Шайхин. Сонымен қатар ол жігіттің соққыға жығылу себебін ашуға уәде берді.

Еске сала кетейік, 24 сәуірде Астана тұрғыны Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге өзінің ұлы Әлібидің аяусыз ұрып соғылғаны, бұл іске кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің қатысы болуы мүмкін екені туралы ақпарат жариялады. Оның айтуынша, 21 сәуірде ұлы Әліби Жұмағұлов үйден жарты сағатқа жұмыстарымен шығып кеткен. Түнгі уақытта Әлібидің досы қоңырау шалып, жас жігіттің ауыр жағдайда ауруханада жатқанын хабарлаған. Жамалиев қамауға алынды. Сот оған тергеу амалдары біткенше екі ай мерзімде қамауда ұстау қаулысын шығарды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети