26 мамыр 2015 17:43

Сараптама қорытындысы сексуалдық мәндегі зорлық әрекеті дерегін растамады - Жамалиевтің адвокаты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Сарапатама қорытындысында сексуалдық мәндегі зорлық әрекеті дерегі расталмады. Бұл туралы Қайрат Жамалиевтің адвокаты Мұхамбетқали Шайхин хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сарапатама қорытындысында сексуалдық мәндегі зорлық әрекеті дерегі расталмады. Бұл туралы Қайрат Жамалиевтің адвокаты Мұхамбетқали Шайхин хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол қазіргі уақытта осы дерекке байланысты Жамалиевке және істің екінші фигурантына қатысты қылмыстық істі тергеудің аяқталғанын айтты. "Қылмыстық істің материалдарымен танысу үстіндеміз. Шын мәнінде, әлеуметтік желілерде Жамалиевке бопсалаумен қатар, адамды бостандығынан заңсыз айыру және сексуалдық мәндегі зорлық әрекеті бойынша айыптың тағылғаны жайлы мәлімет шықты. Біз іс материалдарымен танысып жатырмыз, бірақ адвокат ретінде айтқым келгені, осы істі тергеу кезінде бірқатар сараптама жасалды, оның ішінде биологиялық және геном сараптамалары бар. Осы сараптамалардың кешені сексуалдық мәндегі зорлық әрекеті дерегін растамады. Өз жауабында Жамалиев бұл айыптаулармен келіспеді және мойындамайды", - деді Шайхин.

"Біз, адвокаттар іс материалдарымен танысу барысында белгілі болған мәліметтерді ешкімге айтпау туралы қолхат бердік. Бірақ желіде пайда болды. Алайда ешбір сараптама бұл деректі растамады. Менің ойымша, бұл зардап шеккен тараптың долбары, басқа дәлелдер жоқ. (...) Меніңше, бұл - сотқа алдын ала қысым көрсету", - деді Жамалиевтің адвокаты. 

Оның айтуынша, азаматтық шағым түсті. "Жұмағұловтарға материалдық шығын үшін 640 мың теңге көлемінде, моральдық өтемақы ретінде 200 миллион теңге көлемінде шағым келтірілді", - деді Шайхин.

Полиция кәсіпкер Қайрат Жамалиевке және оның жүргізушісі Анатолий Прибытковқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді ақятады. Еске сала кетейік, 24 сәуірде Астана тұрғыны Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге өзінің ұлы Әлібидің аяусыз ұрып соғылғаны, бұл іске кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің қатысы болуы мүмкін екені туралы ақпарат жариялады. Оның айтуынша, 21 сәуірде ұлы Әліби Жұмағұлов үйден жарты сағатқа жұмыстарымен шығып кеткен. Түнгі уақытта Әлібидің досы қоңырау шалып, жас жігіттің ауыр жағдайда ауруханада жатқанын хабарлаған. Жамалиев қамауға алынды. Сот оған тергеу амалдары біткенше екі ай мерзімде қамауда ұстау қаулысын шығарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети