"Қайтарымсыз 5 миллион теңгенің несиесі". Шымкентте алаяқтық жасады деген әйел ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қайтарымсыз 5 миллион теңгенің несиесі". Шымкентте алаяқтық жасады деген әйел ұсталды Фото: polisia.kz

Шымкентте қайтарымсыз несие шығарып беремін деп тұрғынды алдап кеткен әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте қайтарымсыз несие шығарып беремін деп тұрғынды алдап кеткен әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласының Полиция департаменті мәліметінше, қызметкерлер жергілікті тұрғынды алдап, алаяқтықпен айналысқан әйелді әшкерелеген.

Қаратау ауданының Полиция басқармасына кеңсе арқылы Шымкент қаласының тұрғынынан арыз түскен. Арыз берушінің айтуынша, Халыққа қызмет көрсету орталығында бейтаныс азаматша мемлекеттік бағдарлама арқылы бизнес бастауға қайтарымсыз 5 миллион теңге несие шығарып беремін деп сеніміне кірген.

"Сосын жәбірленушінің телефонындағы екінші дәрежелі банк қосымшасы арқылы 600 мың теңге ақшасын аударып, иемденіп алған. Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру барысында 27 жастағы әйел анықталып, басқармаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Алаяқтар сіздің атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек? Заңгер түсіндірді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети