"Қазақалтыннан" 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды

Фото: elements.envato.com

Ақмола облысында "Қазақалтын" тау-кен металлургиялық концерніне тиесілі құны 122 миллион теңге болатын алтын ұрланды. Бұл ақпаратты Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақмола полицейлері 2021 жылдың 2 наурызына қараған түні "Қазақалтын" АҚ-қа тиесілі алтын катодын ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық әрекет нәтижесінде кәсіпорынға 122 миллион теңге сомасында залал келді. Тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі "Ұрлық" бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қылмысты жасауға қатысы бар адамдарды анықтау үшін криминалдық полиция мен тәжірибелі тергеу қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етілмейді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама