"Қазақалтыннан" 122 миллион теңгенің алтынын ұрлаған күдіктілер ұсталды

"Қазақалтыннан" 122 миллион теңгенің алтынын ұрлаған күдіктілер ұсталды Фото: facebook.com/kazakhaltyn.kz

"Қазақалтынның" екі қызметкері 122 миллион теңгенің алтынын ұрлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Қазақалтынның" екі қызметкері 122 миллион теңгенің алтынын ұрлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметіне сүйенсек, қылмысты ашуға тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел тергеу тобы құрылған. Іс бойынша 300-ге жуық адамнан жауап алынды.

"Тергеу тобының назарына Жолымбет кентінің 26 және 34 жастағы екі тұрғыны ілікті. Екеуі де "Қазақалтын" жұмысшысы. Олар қылмыс жасауды алты ай бұрын жоспарлағаны анықталды", - деді құқық қорғау органы өкілдері.

Реклама
Реклама

Күдіктілер кінәсін мойындаған. Заттай дәлел қылмысқа қатысушылардың бірінің туысының пәтерінен табылды. Зауыттан ұрланған алтын катоды сол көлемінде тәркіленген.

Алтын катоды 2 наурызға қараған түні Жолымбет кентіндегі "Қазақалтын" АҚ кенішінің десорбция сақтау камерасынан ұрланған. Шығын 122 миллион теңгеге бағаланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама