10 наурыз 2021 | 17:07

"Қазақалтыннан" 1,5 миллиард теңге ұрланды: күдіктілер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Ақмола облысында "Қазақалтын "ТКМК" АҚ шоттарынан 1,5 миллиард теңге ұрлады деген күдікке ілінгендер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысында "Қазақалтын "ТКМК" АҚ шоттарынан 1,5 миллиард теңге ұрлады деген күдікке ілінгендер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақалтынға" тиесілі 1,5 миллиард теңге ұрланғаны 23 ақпанда белгілі болған. Полиция қылмыстық кодекстің "Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу" бабы бойынша соталды тергеуді бастады. Оның санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Ұрлық жасады деген екі күдікті 26 ақпанда Нұр-Сұлтанда ұсталды. 

"Оларға қатысты сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу органы тергеу шеңберінде залалды өтеу бойынша шаралар қабылдайды. Тергеу мүддесінде басқа ақпарат жарияланбайды", - делінген ПД хабарламасында.

Бұған дейін "Қазақалтындағы" ұрлық туралы ақпарат жарияланбаған болатын. "Еуразия бірінші арнасы" ұрлыққа ұйым қызметкері күдікті екенін мәлімдеген. Қылмыс жасағаннан кейін ол қызымен және азаматтық некедегі күйеуімен бірге қашып кеткені, баласын әжесімен қалдырғаны айтылды. Тергеу мәліметтері бойынша, әйелдің күйеуі - оның жақтасы. Кезінде сотты болған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети