22 қаңтар 2016 | 09:34

Қазақстан азаматы Мальтада 6 адамға шабуыл жасады деп сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vb.kg © vb.kg

Мальтада алты адамға пышақпен шабуылдаған делінген қазақстандыққа үкім шығарылды, - деп хабарлайды Malta Independent.


Иконка комментария блок соц сети

Мальтада алты адамға пышақпен шабуылдаған делінген қазақстандыққа үкім шығарылды, - деп хабарлайды Malta Independent.

23 жастағы Айбек Манаповтың 2015 жылдың қазан айында Мальтаға тіл мектебіндегі оқуға келгені айтылады. Ол Слима қаласындағы қонақүйге тоқтайды, оқиға осы жерде болыпты. Тергеудің мәліметінше, 2016 жылдың 19 қаңтарында түнгі уақытта ол мас күйінде ұзындығы 20 сантиметр болатын пышақпен бір әйелді жарақаттаған. Ал пышақ алып жүруге оның құқығы болмаған. Осыдан кейін ол тағы бес адамға шабуылдайды. Оқиғаның мән-жайы әзірше белгісіз. 

Сотта оқиғаның видеосы көрсетілген. Адвокат Джозеф Миззи сотталушының өз кінәсін толықтай мойындап отырғанын мәлімдеді. Манаповқа 21 қаңтарда үкім шығарылды. Ол 3 жылдан кейін 10 айға бас бостандығынан айырылады. Сонымен қатар, қазақстандыққа 116 еуро көлемінде айыппұл салынды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети