Қазақстан бойынша ауқымды операция: Asar Baspana ұйымдастырушылары ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен 8-10 ақпан аралығында еліміздің барлық өңірінде кең ауқымды операция жүргізді, нәтижесінде тұтыну кооперативінің атын жамылған "Asar Baspana" қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салымшыларға жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын, сондай-ақ тұрмыстық өнімдерді (биологиялық белсенді қоспалар, ас үй ыдыстары, косметика, тұрмыстық химия және басқа да тауарлар) сатып алу үшін қаражат салуды ұсынған, ал қарымына ай сайын салынған соманың 30 пайызына дейін пайда табуға уәде берген.

"Компаниялардың кеңселерінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,2 миллиард теңгеден астам сомада қолма-қол ақша және ішінде премиум класты көліктер бар 13 автомашина тәркіленген.

Екі қаржылық пирамида ұйымдастырушы ұсталып, оларға қатысты сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі іс-шара санкциялады".

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети