Қазақстан бойынша жалған автобөлшек сатумен айналысқан топ ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан бойынша жалған автобөлшек сатумен айналысқан топ ұсталды

Алматыда танымал брендтердің атын жамылып, жалған автокөлік бөлшектерін сатумен айналысқан топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда танымал брендтердің атын жамылып, жалған автокөлік бөлшектерін сатумен айналысқан топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

"Жедел іс-шаралар барысында жалпы сомасы 1,8 миллиард теңгеден аса сомаға "Тойота", "Лексус", "Хюндай", "Хонда" тауар белгісі бар контрафактілік авто бөлшектер қоймасы жойылды.

Алматы қаласы бойынша ҚМА аумақтық департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты соталды тергеу амалдарын аяқтады", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, контрафактілік қосалқы бөлшектер фирмалық қораптарға салынып, Қазақстанның көлік базарларына таратылған. Тергеу барысында 106 мыңға жуық жалған автокөлік бөлшектері тәркіленді.

Қазір іс сотта қаралып жатыр. Қаржы мониторингі агенттігі тауар таңбаларының заңсыз пайдаланылуын анықтау және адал бизнесті қорғау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети