Қазақстан және Ресей ІІМ арнайы операциясы: 260 келі есірткі тәркіленді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан және Ресей ІІМ арнайы операциясы: 260 келі есірткі тәркіленді Фото: polisia.kz

Қазақстан және Ресей ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі бөліністері арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде ірі трансұлттық синтетика жеткізу арнасы жойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан және Ресей ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі бөліністері арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде ірі трансұлттық синтетика жеткізу арнасы жойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, фигуранттарға жедел әзірлеме жасау үшін ІІМ орталық аппараты, полиция департаменттері мен Жамбыл облысы бойынша ҰҚК-нің тәжірибелі қызметкерлері арасынан арнайы топ құрылған. Омбы және Тараз қалаларында бір мезгілде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полицейлер Ресей Федерациясындағы синтетикалық есірткі жөнелтушісін және Қазақстанда оны қабылдап алушыны ұстаған.

"Фигуранттардың тұрғылықты жері бойынша тінту барысында ірі есірткі зертханалары анықталды. Ұсталған Омбы қаласының тұрғыны "синтетиканы" дайындап, пошта жөнелтілімдері арқылы Орталық Азия елдеріне, оның ішінде Қазақстанға жіберіп отырған. Осы ретте ол жасанды құжаттарды пайдаланып, сәлемдемелерді түрлі тауарлар - машина майы, тұрмыстық химия және т.б. түрінде жасырып отырған", - делінген хабарламада.

Полицейлер жалпы сомасы 9,5 миллионнан астам АҚШ доллары болатын 260 келі қолдануға дайын есірткіні тәркілеген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети