Қазақстан қыздарын азғырған британдық қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан қыздарын азғырған британдық қамауға алынды Барох Питер ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Орал қалалық соты кәмелеттік жасқа толмаған қыздарды азғырғаны үшін күдікті Ұлыбритания азаматын екі айға қамауға алуға рұқсат берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" газетіне сілтеме жасап. "Бүгін, ақпанның 10-ы күні судья Варвара Дмитриенконың төрағалығымен Орал қалалық соты ішкі істер департаменті тергеушісінің кәмелеттік жасқа толмаған қыздарды азғырғаны үшін күдікті Ұлыбритания азаматын екі айға қамауға алу туралы өтініш хатын қанағаттандырды", - деп жазды басылым. Айта кетейік, қаңтар айының ортасында Орал қаласының сақшылары мұнай өндіру команиялардың біріне жұмыс істеген британдық Барох Питер деген азаматты ұстады. Ол педофилия – кәмелеттік жасқа толмаған балаларға азғындық жасағаны үшін айыпталды. Оның флешкаларында тыр жалаңаш кішкентай қыздардың 600 фотосуреті табылды. Бұның барлығын ол Оралдағы қонақ үйіндегі өз бөлмесінде түсірген. Алдымен ғаламтор арқылы қыздармен танысқан. Содан кейін өз бөлмесіне шақырып, "фотосессия" ұйымдастырып отырған. Тергеу кезінде белгілі болғандай, педофил жартылай шешінгені үшін 10 мың теңге төлесе, толығымен киім шешкеніне 15 мың теңге берген-мыс. Осыған байланысты шетелдік азаматқа қатысты "кәмелеттік жасқа толмағандардың порнографиялық суреті бар материалдарды шығарды" деген айып тағылды. Алайда бас кезінде сот оның қорғаушысына болысып, барлық айғақтарды заңсыз таныған болатын. Бұл туралы "Алаш айнасы" газеті де жазды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети