Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 325.58
EUR / KZT - 381.51
CNY / KZT - 48.32
RUB / KZT - 5.49

Қазақстан қыздарын азғырған британдық қамауға алынды

10 Ақпан 2014, 17:32
0
Барох Питер ©Алаш айнасы иллюстрациясы
Барох Питер ©Алаш айнасы иллюстрациясы
Орал қалалық соты кәмелеттік жасқа толмаған қыздарды азғырғаны үшін күдікті Ұлыбритания азаматын екі айға қамауға алуға рұқсат берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" газетіне сілтеме жасап.

"Бүгін, ақпанның 10-ы күні судья Варвара Дмитриенконың төрағалығымен Орал қалалық соты ішкі істер департаменті тергеушісінің кәмелеттік жасқа толмаған қыздарды азғырғаны үшін күдікті Ұлыбритания азаматын екі айға қамауға алу туралы өтініш хатын қанағаттандырды", - деп жазды басылым.

Айта кетейік, қаңтар айының ортасында Орал қаласының сақшылары мұнай өндіру команиялардың біріне жұмыс істеген британдық Барох Питер деген азаматты ұстады. Ол педофилия – кәмелеттік жасқа толмаған балаларға азғындық жасағаны үшін айыпталды. Оның флешкаларында тыр жалаңаш кішкентай қыздардың 600 фотосуреті табылды. Бұның барлығын ол Оралдағы қонақ үйіндегі өз бөлмесінде түсірген. Алдымен ғаламтор арқылы қыздармен танысқан. Содан кейін өз бөлмесіне шақырып, "фотосессия" ұйымдастырып отырған. Тергеу кезінде белгілі болғандай, педофил жартылай шешінгені үшін 10 мың теңге төлесе, толығымен киім шешкеніне 15 мың теңге берген-мыс. Осыған байланысты шетелдік азаматқа қатысты "кәмелеттік жасқа толмағандардың порнографиялық суреті бар материалдарды шығарды" деген айып тағылды. Алайда бас кезінде сот оның қорғаушысына болысып, барлық айғақтарды заңсыз таныған болатын. Бұл туралы "Алаш айнасы" газеті де жазды.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай