Қазақстан мен Ресей азаматтары интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Ресей азаматтары интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды Фото:polisia.kz

Полицейлер интернет-алаяқтық жасады деген күдікке ілінген 15 адамнан тұрған қылмыс тобын ұстады. Олар Қазақстан мен Ресей азаматтары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер интернет-алаяқтық жасады деген күдікке ілінген 15 адамнан тұрған қылмыс тобын ұстады. Олар Қазақстан мен Ресей азаматтары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

13-22 маусым аралығында пәтерін сатқан Алматы тұрғыны алаяқтар айласына түсіп қалды. Ол сатылымнан түскен 23 миллион теңгені бірнеше траншпен алаяқтардың есепшотына аударған. Жәбірленуші 24 маусымда құқық қорғау органдарына жүгінген.

Алматы қаласы ПД Алмалы ауданы Полиция басқармасының дерегіне сәйкес, ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінде ("Аса ірі мөлшердегі алаяқтық") көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша соталды тергеу басталды.

Сол күні тергеліп жатқан іс аясында ІІМ Криминалдық полиция департаменті мен Алматы ПД тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру және тергеу іс-шарасы барысында Қазақстанның түрлі қаласында тұратын жалған тұлғаларға рәсімделген 10-ға жуық банк картасы пайдаланылғаны анықталды.

ҚР ІІМ Киберқылмыспен күрес басқармасы жедел қызметкерлері Павлодар облысы және Алматыдағы әріптестерімен бірлесіп, 15 адамнан тұрған қылмыс тобын ұстады. Олар интернет желісінде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бес қатысушыға қатысты "тұтқынға алу" бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазір топ мүшелері интернеттегі алаяқтықтың алты эпизодына қатысы болуы мүмкін екені анықталды, келтірген залал құны 106 миллион теңгеден асады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети