© Wild-russia.livejournal.com
Қазақстандық есірткі тасымалдаушылар Ресейге 50 келі марихуананы атпен жеткізбек болды, - деп хабарлайды LifeNews.
Қазақстандық есірткі тасымалдаушылар Ресейге 50 келі марихуананы атпен жеткізбек болды, - деп хабарлайды LifeNews.
Қылмыстық схеманы Алтай өлкесі ФҚҚ Шекара басқармасының қызметкерлері ашты. Есірткі тасымалдаушылар ат марихуана салынған ауыр қаптарды шекараға дейін әкеліп, сол жерден оны автомобиль күтіп алады деп жоспарлаған. Телеарнаның мәліметінше, құқық қорғау органдарының қызметкерлері есірткі тасымалдаушылардың әрекетін шекараға дейін бақылаған. Олар Ресей аумағында ұсталды. Қазір қылмыстық топқа мүше адамдарды анықтау мақсатында шаралар жүргізіліп жатыр.