25 тамыз 2021 | 17:56

Қазақстан министрлігінен миллион доллар ұрлады деп айыпталған ресейлік әйел сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Видеодан алынған

Ресейлік Светлана Киршова ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі есепшотынан миллион доллардан аса қаржы жымқырды деген айыппен кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Вести-Омск басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік Светлана Киршова ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі есепшотынан миллион доллардан аса қаржы жымқырды деген айыппен кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Вести-Омск басылымына сілтеме жасап.

16 жыл бойы халықаралық іздеуде болған Омбы тұрғынына екі сыбайласымен бірге Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі есепшотынан миллион доллар және 40 миллион теңге ұрлады деген айып тағылған.

Тергеу материалдарына сәйкес, айыпталушылар жеміс пен көкөніс сататын Омбы көтерме сауда базарында танысқан. Кейін оларға тағы бір танысы қосылып, қосымша ақша табу үшін Қазақстанға келген. Тергеу мәліметі бойынша, қылмыстық құрам бір күндік компания құрып, тіпті жұмысқа қызметкер алған. Светлана Киршова жалған құжаттар бойынша 2003 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының қазынашылық басқармасына жұмысқа орналасқан. Кейін ресейлік әйелдің ісі әшкере болғанда, ол 16 жыл бойы жасырынып жүрген.

Реклама
Реклама

Киршова Белгородта ұсталды. Светлана Киршованың сыбайласы деген күдікті сотталды. Ресейде "ғасыр алаяқтығы" деп аталған бұл істің егжей-тегжейін төмендегі сілтемеден оқи аласыз.

Қазақстан министрлігінде миллион доллар жымқырылған: Ресейде сот отырысы өтіп жатыр

25 тамызда Омбы қаласының Кировский аудандық соты сотталушыны жалпы режимдегі түзеу колониясына 2 жыл 5 айға бас бостандығынан айырды. Сотталушы сот залында қамауға алынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная