1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Қазақстан министрлігінде миллион доллар жымқырылған: Ресейде сот отырысы өтіп жатыр 15 маусым 2021, 12:41

16 жыл халықаралық іздеуде болған ресейлік Светлана Киршоваға Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі есепшотынан миллион доллар және 40 миллион
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Видеодан алынған Видеодан алынған

16 жыл халықаралық іздеуде болған ресейлік Светлана Киршоваға Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі есепшотынан миллион доллар және 40 миллион теңге ұрлады деп айып тағылды. Оның екі серіктесі болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Вести Омск" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметі бойынша, тілшілер бұл істі "ғасыр алаяқтығы" деп атаған. Бәрі жеміс пен көкөніс сататын Омбы көтерме сауда базарында басталған. Айыпталушы 16 жыл бұрын дәл сол жерде сатушы болып жұмыс істеген және серіктерінің бірімен танысқан.

Оларға тағы бір танысы қосылып, қосымша ақша табу үшін Қазақстанға келген.

"Тергеу мәліметі бойынша, қылмыстық құрам бір күндік компания құрады. Тіпті жұмысқа қызметкер алған. Оған қойылған жалғыз талап - Светлана Киршоваға ұқсас болуы керек. Мақсат - төлқұжат деректері негізінде жалған құжаттар жасау. Кейін тергеу мәліметі бойынша, сотталушы Светлана Киршова алты айға жуық басқа адамның атын жамылып жүрген", - делінген телеарна сюжетінде.

Мемлекеттік айыптаушы мәліметіне сүйенсек, Светлана Киршова жалған құжаттар бойынша 2003 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының қазынашылық басқармасына жұмысқа орналасқан.

"Киршова басқармада жарты жылға жуық жұмыс істеп, тіпті қызметте жоғарылаған. Мұның бәрі оның жоспарына кірген. Кейін ол ақшаны жалған есепшотқа аударды. Банкте қолма-қол ақшаға ауыстырғанында екі сөмке ақша алған. Тергеу мәліметі бойынша, Киршова кейін жұмыс орнына оралған. Бірақ ақша жоғалғаны туралы тексеру жүріп жатқанын түсінген кезде үйіне қайтып, ізін суытқан... Ол 16 жыл жасырынып жүрген. Әйел алты айда кем дегенде жеті қалада тұрған. Астанадан (Нұр-Сұлтан) Бурабайға барған. Шекарадан өтіп, Омбыға оралған. Кейін Новосибирск, Владивосток, Липецкте тұрған", - дейді "Вести Омск" тілшілері.

Тергеу мәліметі бойынша, оралған соң ол ресми түрде жұмысқа орналаспаған, жылжымайтын мүлік сатып алмаған және туыстарымен араласпаған. Мұны ол полиция назарына түспеуі үшін жасаған.

"Айыпталушы 2004 жылдан бері федералды іздеуде болды, оны полиция қызметкерлері былтыр желтоқсанда Белгород аумағында ұстады", - деді Ресей ІІМ Омбы облысы бойынша баспасөз қызметінің басшысы Алексей Командыков.

Светлана Киршованың болжамды серіктестері сотталды. Олар колонияға нақты мерзім алды. Қылмыстық іс "Алаяқтық", "Ақша қаражатын заңдастыру" және "Куәліктерді қолдан жасау" баптары бойынша қозғалды. Светлана Киршоваға қатысты қылмыстық іс әлі жүріп жатыр, ол кінәсін мойындамады. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі 23 миллион рубльге шығын әкелген іс бойынша талап арыз берді. Ол 10 жылға сотталуы мүмкін. Тергеушілер мұндай мұқият ойластырылған алаяқтықты кездестірмегенін айтып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!