26 тамыз 2021 15:14

Қазақстан министрлігінде миллион доллар ұрланған: бюджетке қанша ақша қайтарылды?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Ресейлік Светлана Киршова 2003 жылы Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінен миллион доллар және 40 миллион теңге жымқырған. Қазақстан билігі ұрланған ақшаны қалай қайтарғаны Tengrinews.kz тілшісі материалында.


Ресейлік Светлана Киршова 2003 жылы Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінен миллион доллар және 40 миллион теңге жымқырған. Қазақстан билігі ұрланған ақшаны қалай қайтарғаны Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Тергеу мәліметі бойынша, 2003 жылы Киршова жалған құжаттарды қолдана отырып, Қазақстан Республикасының қазынашылық департаментіне жұмысқа орналасқан. Кейінірек ол жалған есепшотына Ауыл шаруашылығы министрлігінің есепшотынан миллион доллар және 40 миллион теңге бюджет қаражатын аударған.

Осы уақыт ішінде Қазақстан министрліктерінде өзгерістер болып, қазір Ауыл шаруашылығы министрлігі емес, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі зардап шегуші тарап тізіміне енгізілген.

"Бюджет қаражатын қылмыскерлер 2003 жылы Су ресурстары комитетінің есепшотынан ұрлады, бұл мекеме Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамына кірді. Елбасының жарлығына сәйкес, 2019 жылдың маусымынан бастап Су ресурстары комитеті Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қарамағына берілді. Сондықтан, біз Ауыл шаруашылығы министрлігі айыпталушы ресейлік әйел Светлана Киршовадан қаражатты өндіру туралы талап арыз бермегенін нақтылауды орынды деп санаймыз", - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Экология министрлігінің баспасөз қызметі ақпаратты растады. Белгілі болғандай, ақшаның бір бөлігі қайтарылған.

"Залал ретінде барлығы 500 миллион теңге мәлімделді. Бұған дейін Киршованың екі серіктесі сотталды. Тергеу жүргізу кезеңінде 2003 жылғы 18 тамыздан 2012 жылғы 22 ақпанға дейін 368 миллион теңге өндірілді. 132 миллион теңгені қайтару қалды. Киршованы 2 жыл 5 айға бас бостандығынан айырған сот отырысында біз бұл соманы жарияладық. Бірақ біздің мәселе бойынша шешімді әлі білмейміз. Сот электрон түрде мұндай ақпаратты бермейді. Пошта арқылы жіберілген", - деді Экология министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Ведомство сот шешімімен танысқаннан кейін ақпаратты толықтыратынын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейлік Светлана Киршова ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі есепшотынан миллион доллардан аса қаржы жымқырды деген айыппен кінәлі деп танылғаны хабарланған болатын.

Киршова Белгородта ұсталған. Светлана Киршованың сыбайласы деген күдікті сотталды. Ресейде "ғасыр алаяқтығы" деп аталған бұл істің егжей-тегжейін төмендегі сілтемеден оқи аласыз.

Қазақстан министрлігінде миллион доллар жымқырылған: Ресейде сот отырысы өтіп жатыр

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети