"Қарасора" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері ел аумағында есірткіге қатысты 523 құқық бұзушылықтың алдын алды. Заңсыз айналымнан 13 тоннаға жуық есірткі тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жассап.

Синтетика өндіретін есірткі зертханасы жойылды. Мәселен, Алматы облысының аумағында қарасора өсіру дерегі анықталған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 12 тоннадан асты.
Ақтөбе облысында зертханалық жағдайда жасырын есірткі өндірісін ұйымдастырған жергілікті тұрғыннан 3 келіден астам мефедрон тәркіленді.
Қызылорда облысында авиациялық тексеру арқылы есірткіні заңсыз өсіру дерегі анықталды. Екі есірткі сатушысы анықталып, олардан жарты тоннадан астам марихуана тәркіленген.
Жамбыл облысы Рысқұлов ауданынан 130 шақырым жерде 56 келі марихуана дайындаған азамат ұсталды.
Астана тұрғынының пәтерін тінту кезінде 1,5 келіден астам мефедрон табылды.
Теміртауда 22 жастағы есірткі таратушы ұсталып, одан 350 грамм доза болатын 300 орам мефедрон тәркіленгне.
Барлық деректер бойынша соталды іс жүргізу басталды. Жоғарыда көрсетілген қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!