"Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 196 мал ұрысы құрықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 196 мал ұрысы құрықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстанда қысқы мерзімде соғым ет дайындау дәстүрі қалыптасқан. Бірақ дәл осы уақытта мал ұрлығы да жиілейтінін атап өткен жөн. Осыған байланысты жыл сайын Ішкі істер министрлігі мал ұрлығының алдын алу және оған қарсы күресті арттыру бойынша шаралар қабылдайды. Желтоқсан және қараша айларында барлық өңірде "Мал ұрлығы" екі кезеңдік республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылды.
"Операцияны жүргізуге тек полицейлер ғана емес, ветеринариялық бақылау мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері де жұмылдырылды. Бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде 196 мал ұрысы және 34 қылмыстық топ ұсталды", - делінген хабарламада.
Мәселен, Ақмола облысында екі адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Олар қараша айынан бастап қоралар мен сарайлардан 20 бас ұсақ малды ұрлап әкеткен.
"Қаскөйлер негізі елордада тұрған, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, сол себепті де құқық қорғау органдарының назарына ілікпеген. Осылайша күдіктілер Ақмола облысының аумағында орналасқан далалы аймаққа үш рет келіп, малды ұрлаған соң, оны сойып, етін Астана қаласының базарларында сатып жіберген. Полицейлер күдікті көлікті байқағаннан кейін ғана ұрылар Талапкер ауылында төртінші ұрлықты жасау барысында құрықталды".
Уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде биыл мал ұрлығы 13 пайызға төмендеп отыр. Сонымен қатар ұрланған жануарлардың жартысынан көбі заңды иелеріне қайтарылғаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!