28 маусым 2018 | 10:20

Қазақстан шекарасында фольгаға оралған BMW 528 көлігі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Контейнерден контрабандалық жолмен алып өтпекші болған 2014 жылы шығарылған BMW 528 маркалы жеңіл автокөлік табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Контейнерден контрабандалық жолмен алып өтпекші болған 2014 жылы шығарылған BMW 528 маркалы жеңіл автокөлік табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жуырда "Алтынкөл" кеден бекетінің "Алтынкөл" теміржол өткізу пунктінің бас маманы О.Кеңесбаевтың қырағылығының нәтижесінде Оңтүстік Кореядан Қырғыз Республикасына транзитпен кетіп бара жатқан контейнер тоқтатылды. Себебі, инспекциялық кешенді тексеру сканері арқылы контейнер ішінде кедендік құжаттарда (инвойс) мәлімделмеген заттар күдік тудырды. Содан кейін "Жібек жолы" жауапкершілігі жектеулі серіктестігінің уақытша сақтау қоймасында жүргізілген тиянақты кедендік тексеру нәтижесінде контейнер ішінен бұрын пайдалануда болған автокөліктің қосалқы бөлшектері мен 2014 жылы шығарылған BMW 528 маркалы жеңіл автокөлік табылды", - делінген хабарламада. 

Тауар жөнелтілушілердің әккілігі сонша, аталмыш автокөлікті сканерден жасыру мақсатында қосалқы бөлшектердің ішіне фольга қағазымен мықтап орап тастаған екен. Соған қарамастан, әккі әрекет қырағы кеденшінің назарынан тыс қалмады.

"Қазіргі уақытта ұсталған автокөліктің кедендік құнын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Егерде кедендік құнның мөлшері 5000 айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  234  бабының 1 тармағы бойынша (экономикалық контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғалады", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети