07 қыркүйек 2021 | 11:25

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кімдерге рақымшылық жасалады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) рақымшылық жасау актісі кімдерге қолданылатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) рақымшылық жасау актісі кімдерге қолданылатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары "ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын қарауға кіріскен.

Ведомство мәліметінше, қарастырылып отырған құжатқа алғаш рет әлеуметтік жағынан осал адамдар ұғымы енгізілген. Заң жобасында қылмыстық теріс қылық жасаған және залал келмеген, не оны толық өтегендер мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін онша ауыр емес, сондай-ақ ауырлығы орташа қылмыстар жасаған сотталушыларды жазадан босату ұсынылады.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, заң жобасында қарастырылған адамдар тобы үшін негізгі жазаның мерзімі мен мөлшері де талқыланған. Сотталушылардың ісін қарау кезінде қалған залалды толық өтеуі, сондай-ақ осы заң қолданысқа енгізілген күні жазасын өтеуге бір жылдан аспайтын уақыт теріс мінез-құлық дәрежесінің болмауы ескеріледі.

Өз кезегінде, заң жобасы жергілікті атқарушы органдардың еңбекке қабілетті адамдарды жұмысқа орналастыруын қамтамасыз ету, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққандарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету бойынша шаралар қабылдауын көздейді.

"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына рақымшылық жасау кәмелетке толмағандарға жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандарға, жемқорларға, адам өлтіргендер мен экстремистерге, қылмыстық топтардың бұрынғы қатысушыларына қатысты қолданылмайды", - делінген сайтты.

ҚАЖ комитеті мәлмітенше, 30 жыл ішінде Қазақстанда 8 рақымшылық жасалған, соңғы төрт рақымшылық Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күндеріне орайластырылған.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Қазақстанда қылмыстық жауапқа тартылғандарға рақымшылық жасалатынын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная