1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Тоқаев 2021 жылы рақымшылық жасалатынын мәлімдеді29 қазан 2020, 15:00

© akorda.kz © akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Қазақстанда қылмыстық жауапқа тартылғандарға рақымшылық жасалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда Тоқаевтың төрағалығымен ІІМ-нің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Онда ішкі істер органдарының биылғы тоғыз айда атқарған қызметінің қорытындылары мен Президент тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

"Президент өз сөзінде келесі жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, заңға сәйкес азаматтар мен тұтастай мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар үшін жауапқа тартылғандарға рақымшылық жасалатынын мәлімдеді", - делінген хабарламада.

Тоқаев полиция қызметін цифрландыру, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейту, отандық пенитенциарлық жүйенің жағдайын жақсарту қажетін де айтты. 

© akorda.kz

"Елдегі күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдай аясында қылмыстың күшеюіне және түрме субмәдениетінің таралуына еш жағдайда жол беруге болмайды. Министрлік қылмыстық-атқару жүйесінің проблемаларын шешуде нақты нәтижелерді көрсетуі тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!