"Қазақстан темір жолы" АҚ еншілес компанияларының топ-менеджерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы полициясы агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан темір жолы" АҚ еншілес компанияларының топ-менеджерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы полициясы агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ағымдағы жылғы 16 мамырда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері "Локомотив" АҚ атқарушы директоры Е.Қалаубаевты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұстады. Ол дизельдік жанар майды жеткізуге келісім-шартты жасауға жағдай жасау үшін "Нұр Табыс Мұнай НТМ" ЖШС өкілінен жалпы сомасы 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған деп айыпталуда", - делінген хабарламада.
Сол күні Қалаубаевқа қатысты аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 19 мамырда Қалаубаев сот санкциясымен қамауға алынды. Бұдан басқа, пара алуға қатысқан деген айыппен "Қазтеміртранс" АҚ атқарушы директоры Д.Әлмусинге іздеу жарияланды. Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.