02 сәуір 2021 | 15:25

"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" басқарма төрағасының орынбасарына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" басқарма төрағасының орынбасарына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстандағы тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы саналатын және "Бәйтерек" холдингіне кіретін "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасарына қатысты қылмыстық істі жедел түрде сотқа жолдады.

Ол заңды тұлғаның құрылтайшысынан ортақ мүлікті басқару (жылу және электрмен қамтамасыз ету) бойынша ұйымның қызмет көрсету актісіне қол қойғаны үшін 2,4 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істері жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Енді шенеуніктің кінәсі бар-жоғын сот анықтайды. Биғайдаров тергеу мүддесінде басқа ақпарат жарияланбайтынын айтты. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная