ПОДЕЛИТЬСЯ
23 сәуір 2021 | 16:19
"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" басшысының экс-орынбасарына ірі көлемде айыппұл салынды
"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" (ҚТК) басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Асқарбек Өсербаевқа пара алғаны үшін 72 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"12 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық сотымен "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" басқарма төрағасының орынбасары Өсербаевқа 72 миллион теңге, параның отыз еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салынды", - деді Биғайдаров брифингте.
Өсербаев 17 ақпанда "ФН Менеджмент" ЖШС директоры Тәжібаевтан мүлікті басқару жөніндегі ұйымның қызмет көрсету шарты аясында орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін 2,4 миллион теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке ілінді.
"Осы үкіммен ЖШС директоры Тәжібаевқа 48 миллион теңге айыппұл салынды", - деді Биғайдаров.
"Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" Қазақстандағы тұрғын үйлер құрылысының бірыңғай операторы және "Бәйтерек" холдингіне кіреді. Бұрын "Қазақстан ипотекалық компаниясы" (ҚИК) деп аталған.
Бұған дейін "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" басқарма төрағасының орынбасарына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданғаны хабарланған еді.
Айта кетейік, Асқарбек Өсербаев 2020 жылдың жазында компания басшысының орынбасары болып тағайындалған.
Қазақстан қор биржасының хабарламасы бойынша директорлар кеңесінің 2021 жылғы 2 наурыздағы шешімімен Өсербаев ҚТК басқармасының құрамынан шығарылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также