Полиция Қазақстандағы 13 наркологиялық зертхананы, оның ішінде Қарағанды облысында төрт және Алматыда үш зертхананы жойды. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Берікхан Нұрғалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция Қазақстандағы 13 наркологиялық зертхананы, оның ішінде Қарағанды облысында төрт және Алматыда үш зертхананы жойды. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Берікхан Нұрғалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте Нұрғалиев полиция жыл басынан бері есірткіге қатысты 1929 қылмысты ашқанын, оның ішінде 1136 есірткі айналымы мен 326 ірі көлемдегі есірткі сақтау деректерін анықтағанын айтты.
"Жеті ұйымдасқан қылмыстық топ ашылды, 13 қылмыстық іс қозғалды. 12 тоннадан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 4,9 келі героин, тоғыз тоннадан астам марихуана, 376 келі гашиш және 107 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.
13 есірткі зертханасы жойылды: Нұр-Сұлтанда екеуі, Қарағанды облысында төртеуі, Алматы мен Солтүстік Қазақстан облыстарында үш-үштен және Ақтөбе облысында біреуі", - деді Берікхан Нұрғалиев.
Ол Қарағанды облысында ірі есірткі синдикатының жойылуы туралы мән-жайды толығырақ айтты.
"Сатылымға дайын есірткінің жалпы саны 6 келіден асты. Тергеу барысында халықаралық қылмыстық байланыстар, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және басқару бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы ұйымдасқан қылмыстық топ бойынша есірткі сатуға байланысты 8 қылмыстық іс қозғалды", - деп нақтылады Нұрғалиев.
Оның айтуынша, Алматыдағы есірткі зертханаларының бірін Медеу ауданындағы бау-бақша аумағындағы жеке үйде екі азамат ұйымдастырған. Тінту барысында полицейлер 13 килограмнан астам дайын өнімді, мефедрон өндіруге арналған жабдықтар мен прекурсорларды тәркіледі.
Мефедрон немесе "меф " – орталық жүйке жүйесі арқылы денеге және миға әсер ететін синтетикалық препарат. Бұл синтетикалық психостимуляторды қолдану әсері күшті. Препарат бүйрек, жүрек және қан тамырларын, иммундық жүйені зақымдайды, жыныстық дисфункцияға әкеліп соқтырады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!